Негізгі Жаңалықтар СҚО-да орақ науқаны қарқын алды

СҚО-да орақ науқаны қарқын алды

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны қарқын алды. Биыл өңірде 4,4 миллион гектар алқаптан өнім жинау жоспарланған. Қазірдің өзінде 746 мың гектардан астам алқаптың егіні орылды. Ал бастырылған астық көлемі 1 миллион тоннадан асты.

Биыл облыста 2,9 миллион гектарға жуық алқапқа дәнді дақылдар, 1,3 миллион гектарға майлы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Қазір шаруалар 746,6 мың гектар алқаптан 1 миллион 79 мың тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 14,5 центнерді құрап отыр. Егін жинау жұмыстарына барлығы 6,6 мың комбайн, 10 мыңнан астам трактор және 5,5 мың жүк көлігі секілді мыңдаған техника жұмылдырылған. Сонымен қоса, шаруаларға 380 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 56,8 мың тонна элиталық тұқым берілді. Сондай-ақ күзгі дала жұмыстарына 61,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Ал жиналған өнімді қабылдау мен сақтау үшін облыста жалпы сыйымдылығы 6,9 миллион тонна болатын қоймалар мен кәсіпорындар дайын. Оның 3,2 миллион тоннасы 45 астық қабылдау кәсіпорнының үлесіне тиесілі.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар