Жамбыл ауданының тұрғындары жаңа Конституция жобасы бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, елдің Негізгі заңы мемлекеттің әрі қарай дамуы, құқықтық жүйені нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін аса маңызды.


Аудан тұрғындарының айтуынша, мұндай маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден хабардар болып, жоба мазмұнымен мұқият танысу қажет. Олар азаматтардың талқылау мен дауыс беруге белсенді қатысуы мемлекеттің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді дейді. Сондықтан көпшілік дауыс беруге қатысуды азаматтық жауапкершілік деп санайды.