Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін. Бекеттердегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында осындай шара қолға алынбақ. Бүгін бұл жөнінде Мәжілістің жалпы отырысында мәлім болды. Күн тәртібінде «Газбен жабдықтау және газды үнемді пайдалану мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізілуде. Жаңа заң жобасы үш негізгі бағыттан тұрады. Бірінші бағытта газбен жабдықтауда бюрократия мен делдалдарды азайту көзделген. Екіншісінде, газды тұтуны талаптарын өзгерту, әділ баға тарифін бекіту қарастырылуда. Ал, үшіншісі автогаз бекеттеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Мәселен, елді мекендерді газдандыруға қатысты осындай бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылды.
СНХ: ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ