Петропавл қаласының мұғалімі жуырда Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Анатолий ВисЕльский саусақтары арқылы тепе-теңдікті сақтай отырып ең ұзақ уақыт көрсеткішіне қол жеткізді. Бұл – әлемдегі ең үздік нәтиже болуы ықтимал. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жетістігін ресми түрде тіркетуді қалайды және қазіргі уақытта жауап күтуде.
Анатолий ВисЕльский дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып 12 жылға жуық еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, спорт – оның өмірі. Мұғалім жеке үлгісі арқылы жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
СНХ: АНАТОЛИЙ ВИСЕЛЬСКИЙ, №5 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Мектептің спорт залында оны тұлғалық қасиеті үшін жоғары бағалайды. Көптеген оқушы үшін ол үлгі тұтар жанға айналған. Әр баланың жетістігіне деген шынайы қызығушылығы мен жеке үлгісі - қарапайым дене шынықтыру сабағын сүйікті пәнге айналдырды. Оқушылардың айтуынша, олар тіпті ең күрделі жаттығуларды да қуана орындайды.
СНХ: ТИМОФЕЙ ШМАЛЬКО, ОҚУШЫ
Ұстаз бұл жетістігімен тоқталып қана қоймай, Гиннестің ресми әлемдік рекордын тіркетуді мақсат етіп отыр. Өтінімді жуырда жолдап, жауап күтуде. Сонымен қатар, Анатолий басқа да рекордтарды жаңартуды жоспарлап отыр.
СНХ: АНАТОЛИЙ ВИСЕЛЬСКИЙ, №5 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Бос уақытында педагог әлеуметтік желілерге арнап бейнероликтер түсіреді. Соның арқасында ол спорт сүйер қауым арасында кеңінен танымал.