Жаңа Конституция жобасы еңбек ұжымдарында талқылануда. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсететін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалында қоғамдағы пікір жетекшілері негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Қатысушылар ұсынылған түзетулер мен жаңашылдықтардың қоғам өміріне, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қалай әсер ететінін талқылады.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер Үкімет пен Парламенттің жұмысын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Олар қабылдаған заңдар мен бағдарламалар үшін толық жауапкершілік алады. Жаңа заң әрбір адамға да қатысты: оның еркіндігі, қауіпсіздігі және жауапкершілігі сақталады. Сонымен қатар, өзгерістер адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруға, мемлекеттік басқаруды ашық етуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты – халық пен билік арасындағы сенімді күшейту.
СНХ: СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, СҚО ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ