Облыс орталығында «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында екі күндік лекция-диалог өтіп жатыр. Іс-шараның тақырыбы – «Мемлекеттік шекарадан өту кезінде sim-box құрылғыларын анықтау және интернет-алаяқтықтың алдын алу». Кездесу шекара қызметкерлерінің қатысумен өтті.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің киберқауіпсіздік бағытындағы білімін арттыру және заманауи алаяқтық тәсілдері туралы ақпарат беру. Кездесу барысында интернет кеңістігінде жиі қолданылатын қылмыстық схемаларға шолу жасалды. Мамандар күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу және қаржылық операцияларды мұқият тексеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар шекара аумағында пайдаланылуы мүмкін арнайы техникалық құрылғылардың қаупі де түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
СНХ: СӘКЕН ҰРМАНТАЕВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ