Петропавл қаласындағы «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубында армбэк спорт түрі бойынша қалалық іріктеу туры өтті. Бұл — ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген спорт түрі. Жарыс жеңімпаздары Астана қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алады.
«Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубында авторлық әдістеме негізінде дамуында ерекшелігі бар балалар спорттың бірнеше түрінен өздерін сынап көруде. Мұнда бокс, күрес, аралас жекпе-жек және армбэк спорт түрлері бейімделген. Тәрбиеленушілер тек жаттығып қана қоймай, түрлі жарыстарға да тұрақты түрде қатысып келеді.
АҚЖАН НӘКЕНОВ, «ЖАС ЖАУЫНГЕР» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЛУБЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Қатысушыларды қолдауға каратэмен айналысатын спортшылар да келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, клуб тәрбиеленушілері жылына үш-төрт рет республикалық турнирлерге қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Қазіргі таңда мұнда жасы 4 пен 17 аралығындағы 35 бала спортпен шұғылданады.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Іріктеу турының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бірінші орын медалімен марапатталады. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл балалардың әрқайсысы өз ерекше күш-жігерімен жеңімпаз болып есептеледі.