Соңғы жылдары цифрлық технологиялар шығармашылықты мүлде жаңа деңгейге шығарды. Өңірімізде осы бағыттағы алғашқы жобалардың бірі — Digital Country. Аз уақыт ішінде өздерін таныта алған жоба бүгінде облысымыздың бірқатар мекемелеріне арнайы 3D турларды жасап, 3D макеттерді әзірлеп үлгерді. Мысалы, енді сіз қаладағы маңызды нысандарға барып көрмесеңіз де, үйіңізден шықпай-ақ толық виртуалды экскурсия жасауға болады. 

Жобаның негізгі бағыттарының бірі — 3D турларды дамыту. Виртуалды турлар арқылы адам өзін сол кеңістіктің ішінде жүргендей сезінеді: әртүрлі ракурстан қарап, айналаны еркін шолып, бейненің қажетті бөлігін жақындатып, ұсақ детальдарға дейін тамашалай алады.

Мұның бәрі көрерменге нысанды толық әрі жан-жақты танып-білуге мүмкіндік береді, — дейді Рахат Киікбай.

РАХАТ КИІКБАЙ, QYZYLJAR CREATIVE CENTER РЕЗИДЕНТІ

Бүгінде QYZYLJAR Creative орталығының кеңістігін сандық форматта толықтай зерттеуге мүмкіндік бар. Орталықтағы әрбір бөлме мен локация енді тек фотосуреттер арқылы ғана емес, толыққанды 3D әлемде көрермен назарына ұсынылып отыр.

РАХАТ КИІКБАЙ, QYZYLJAR CREATIVE CENTER РЕЗИДЕНТІ

Бұдан бөлек, Қызылжар ауданындағы барлық мектептердің 3D модельдері дайындалды. Бұл жобаның арқасында ата-аналар мен қызығушылық танытқан адамдар мектептерді алдын ала аралап, ішкі кеңістігін зерттеп, оқушылардың оқу ортасымен толық таныса алады.

РАХАТ КИІКБАЙ, QYZYLJAR CREATIVE CENTER РЕЗИДЕНТІ

Жоба аясында QYZYLJAR Creative орталығымен бірлесе отырып, бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.