Негізгі Жаңалықтар «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы

«Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты ауқымды профилактикалық акция өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акция барысында жол қауіпсіздігіне қатысты ақпараттық жадынамалар таратылды. Мамандардың айтуынша, өңірімізде жыл басынан бері 25-тен астам жол-көлік оқиғасы орын алған. 6 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған.

АЛМАС АСАЙЫНОВ – СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ 3-БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

Облыс прокуратурасы Полицияны шақыртпай-ақ еурохаттаманы пайдаланып, жол көлік оқиғасын жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу мүмкіндігін еске салады. Еурохаттама дегеніміз – автожүргізушілердің сақтандырушы компаниялардың қатысуымен екіжақты өзара келісімі. Бұл тез арада өздерінің құқықтарын қорғап, моральдық шығын болса – соны өндіріп алуға мүмкіншілік тудырады.

ӘМІР ӘБІЛМӘЖІНОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

Профилактикалық іс-шаралар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында апатты-қауіпті жол учаскелерінде, бақылау-өткізу бекеттерінде, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының маңында өткізілді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар