Облыс орталығында допты хоккейден ашық турнир ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жарыс Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Байболовты еске алуға арналды. Бұған дейін республикалық деңгейде өткен турнир биыл аудандық форматта өткізілді. Додаға барлығы төрт команда қатысты. 

Допты хоккей – кеңес дәуірінен бері дамып келе жатқан спорт түрі. Аталған турнир осы спорттың өңірде дамуына үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, турнир осы спорт түрін дамытуға зор үлес қосқан Анатолий Губановтың жарқын бейнесіне тағзым етуге бағытталды.

ЕВГЕНИЙ КАМИНСКИЙ, СҚО «ДОПТЫ ХОККЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ҚБ ПРЕЗИДЕНТІ

Жарысқа әр командадан 11 ойыншыдан қатысты. Ойын ережесіне сай тактикалық әдістер мен жылдамдық шешуші рөл атқарды. Ойыншылардың айтуынша, аудандық ойын тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

АРМАН ФЕДОРОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар арнайы кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.