28–31 қаңтар аралығында Ақмола облысы, Бурабай кентінде орналасқан «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурсы өтті. 2–7 сынып оқушылары қатысқан білім бәйгесінде Әл-Фараби мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Қуаныш Сәбит жүлделі 1-ші орынды иеленді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас зерттеушілер қатысып, үздіктер анықталды.
Республикалық деңгейдегі білім додасында жас зерттеушілер өз жобаларын қорғап, ғылыми ізденістері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды. Солтүстік Қазақстан облысынан байқауға 20-ға жуық оқушы қатысып, өңір намысын қорғады.Солардың ішінде Петропавл қаласындағы Әл-Фараби мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Қуаныш Сәбит үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Айта кетейік, жас зерттеуші бұған дейін қалалық кезеңде бірінші орын алып, республикалық жарысқа жолдама алған.
СӘБИТ ҚУАНЫШ, ӘЛ-ФАРАБИ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Оқушының ғылыми жобасына жетекшілік еткен – Әл-Фараби мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ардақ Елжасова. Ұстаздың айтуынша, мұндай байқаулар оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
АРДАҚ ЕЛЖАСОВА, ӘЛ-ФАРАБИ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
«Зерде» байқауы – жас таланттардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ зерттеушілерді қолдауға бағытталған маңызды алаң. Ал Сәбиттің жеңісі – өңірдегі білім сапасының айқын көрсеткіші.