Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында ҚР Президенті Конституцияға бірқатар маңызды өзгерістер енгізуді ұсынды. Мемлекет басшысы вице-президент институтын енгізу бастамасын көтеріп, бұл лауазым Президенттің ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалатынын атап өтті. Сондай-ақ, вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірқатар функцияларды атқарады. Бұдан бөлек, Президент бір палаталы Парламент — Құрылтайға көшу мәселесін көтеріп, депутаттарды сайлаудың жаңа форматын енгізу және өкілеттіктерді қайта бөлу қажеттігін айтты.

Соңғы жылдары қоғам санасында берік орныққан әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сынды қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Өңір тұрғындары Мемлекет басшысының өзге де маңызды бастамаларын атап өтті. Жолдауда әлеуметтік қорғау, әлеуметтік мәселелермен күрес, экономиканың өсуі, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және экологиялық бастамалар кеңінен қозғалды.

РУСТАМ ЖҮСІПБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ