Жаңа жылдық «Бұл махаббат» фильмінің түсірілімі басталды
Бүгін Петропавл қаласында жаңа жылдық лирикалық комедияның түсірілімі басталды. Отбасы құндылығы мен махаббат тақырыбын арқау еткен фильм көрерменге жылы эмоция мен қызықты оқиғаларды ұсынбақ.
Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері — Назгүл Қарабалина. «Бұл махаббат» деп аталатын туынды орта жастағы адамдардың өміріндегі шынайы сезім мен тағдыр тоғысын баяндайды. Режиссердің айтуынша, түсірілім алаңы ретінде Петропавл қаласының таңдалуы бекер емес. Қаланың көркем архитектурасы мен өзіндік атмосферасы фильмнің мазмұнын тереңдете түсіп, оқиғаға ерекше көркемдік сипат береді.
НАЗГҮЛ ҚАРАБАЛИНА — ҚОЮШЫ-РЕЖИССЁР
Картинаға негізгі құрамда жиырмаға жуық актер тартылған. Басты рөлдердің бірін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды сомдайды. Актердің айтуынша, бұл фильмдегі кейіпкері оның шығармашылығындағы бұрын-соңды болмаған жаңа әрі күрделі образ.
АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ — АКТЁР
«Бұл махаббат» жаңа жылдық лирикалық комедиясының премьерасы 2026 жылдың қараша–желтоқсан айларына жоспарланып отыр.