Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде мектептердегі балалардың қауіпсіздігі талқыланды.
Мектептердегі күзет қызметін адал атқармайтын жеткізушілер Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар, білім беру саласының өкілдері және жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен бірге талқылаған өзекті тақырыптардың біріне айналды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін мемлекетік сатып алуға қатысты енгізілген жаңашылдықтар болды. Бұл жаңашылдықтар білім беру мекемелеріне күзет қызметтерін сатып алу кезінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілінің орнына ашық конкурс тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде мектептер, колледждер мен балабақшалар біліктілік талаптарын нақты айқындап, ең алдымен басқа өңірлерде орналасқан әрі СҚО аумағында материалдық-техникалық базасы жоқ күзет қызметін іріктеуден шеттете алады.
СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Қанат Әлімжановтың айтуынша, қазіргі таңда облыстағы барлық 86 жалпы білім беретін мектеп физикалық күзетпен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, 2025 жылы өңірдегі жекеменшік күзет құрылымдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты: 15 қылмыстың ашылуына қатысып, 94 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, 150-ден астам адамды ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді.