Ішкі істер органдары ардагерлерінің тәжірибесі мен білімі Солтүстік Қазақстан облысы полициясының жедел-қызметтік қызметін ұйымдастыруда кеңінен қолданылатын болады. Мұндай шешім полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіповтің ведомствоның ардагерлер кеңесінің активімен өткен кездесуінде қабылданды.
Өңірдегі полиция департаменті мен Ұлттық ұланның ардагерлер кеңесінің құрамында ондаған мың зейнеткер бар. Олар ұзақ жылдар бойы халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал қызмет етті. Полиция департаментінің бастығы 2026 жылды дәл осы ақсақалдармен кездесуден бастап, олардың практикалық тәжірибесі мен білімі шын мәнінде бірегей екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – символдық мәнге ие, себебі полиция қызметінің барлық қыр-сырын, күрделілігі мен ерекшелігін толық білетін де – ардагерлер. Абай Жүсіпов ведомствоның да, өзінің де әрдайым сындарлы өзара іс-қимылға ашық екенін жеткізді. Ішкі істер министрлігі тәлімгерлік кеңестерін дамытуға және Ішкі Істер Органдары ардагерлерімен жұмысқа ерекше көңіл бөлуде. 2023 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жас қызметкерлерге кәсіби тәжірибе мен қызметтік дәстүрлерді үйрету мақсатында ардагерлердің қатысуымен арнайы кеңестер құрылды. Негізгі басымдық тәлімгерлік пен сабақтастыққа беріліп отыр. Дәл осы бағыттар тәртіптік құқық бұзушылықтардың алдын алуда және жеке құрамның кәсібилігін арттыруда ең жоғары нәтиже береді. 10 қарашада атап өтілетін Ішкі Істер Министірлігі ардагерлері күнінің белгіленуі олардың «Заң мен Тәртіптің мәңгі тірегі» ретіндегі рөлін айқындай түседі. Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында өңірде полицияның қатысуымен бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жоспарланған. Департаменттің барлық негізгі бастамалары ардагерлер кеңесінің ұсыныстарына сүйене отырып және құрметті ардагерлердің белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болады.