Айыртау ауданы Баянтай ауылында жаңа су жүйесі пайдалануға беріліп, тұрғындардың ауыз суға қатысты көптен күткен мәселесі толық шешімін тапты. Аталған нысан прокуратура органдарының бастамасымен мемлекет меншігіне қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған. Айта кету керек, қазіргі таңда өңірде қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық бағытта барлығы 32 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылып жатыр.
Нысанның құрылысы прокуратура органдарының күшімен мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды. Аталған нысанды іске қосу нәтижесінде елді мекеннің 240 тұрғыны орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға оң әсерін тигізді.
СНХ: АРЫСТАН ШЫНТЕМІР, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Айыртау ауданында топтық су құбырынан тарайтын сумен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Жоба аясында 12 елді мекен қамтылып, осы мақсатқа 5,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның ішінде шамамен 5 млн теңге арнайы қор қаражаты есебінен бағытталды.
СНХ: БАҚЫТЖАН ЖАНТІЛЕУОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекет меншігіне заңсыз жолмен алынған және қайтарылған активтер халық игілігі үшін тиімді пайдаланылуда. Аталған қаражат әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүзеге асыруға бағытталып жатыр.