Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында заманауи IT-орталықтар өз жұмысын бастады. Бұл орталықтар шалғай аудандардағы тұрғындарға сандық технологияларды қолжетімді етіп, білім мен дағдыларды жаңа деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді. Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмалары аясында және 2026 жыл «Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы» деп жариялануына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Облыстағы әрбір IT-орталық бірдей үлгіде емес. Олар ауданның нақты қажеттіліктерін ескере отырып жобаланады. Кейбір орталықтар шығармашылық салаларға көңіл бөлсе, енді біреулері тұрғындарға сандық дағдыларды үйретуге арналған, ал тағы біреулері ауыл шаруашылығы мен бизнестегі практикалық шешімдерге бағытталған. Мысалы, Тимирязев ауданында цифрландыру арқылы болашақ студенттердің Аграрлық-өнеркәсіптік кешені саласындағы білім деңгейі нығайтылуда.
СНХ: САЙРАН МАХМЕТ – ТИМИРЯЗЕВ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ