Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалада «Шырша жануарларға көмектеседі» акциясы өтуде. Оның мақсаты – жаңа жылдық мерекелерден кейін қаланың тазалығын сақтау ғана емес, сонымен қатар қылқан жапырақты ағаштарды тиімді түрде кәдеге жарату. 2026 жылғы 20 қаңтарда жаңа жылдық шыршаларды шығару жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты жауапты ұйым тұрғындардан шыршаларды қоқыс контейнерлерінің жанына, алдын ала жаңа жылдық әшекейлерден тазартып, жинап қоюды сұрайды.
СНХР: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ