2021 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданды. Сол жылдан бастап облыста аталмыш бағдарлама нәтижелі жалғасуда. Петропавлдағы перинаталдық орталықтың мәліметінше, 2021 жылдан бері өңірге жалпы 887 квота бөлінген. Ал биыл 174 квота бөлініп отыр.

Бағдарлама іске қосылғаннан кейін республикадағы квота саны жылына 1000-нан 7000-ға дейін артқан. Бұл бедеулік диагнозы қойылған көптеген отбасыға ата-ана болуға мүмкіндік берді. Төрт жыл ішінде облыста 334 жүктілік сәтті аяқталып, 364 бала өмірге келген. Арасында егіздер де бар. Дегенмен дәрігерлер Экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасында көпұрықты жүктілікті қолдамайды. Себебі жүктіліктің үзілуі, ерте босану және басқа да асқыну қаупі жоғары.

СНХ: ВИКТОР ПРОЦЕНКО, СҚО ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ РЕПРОДУКТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

2021 жылы 217 квотаның 110-ы оң нәтиже берген. 2022 жылы 201 квотаның арқасында 70 отбасы бала сүйді. 2023 жылы 190 квотаның 89-ы нәтижелі болды. 2024 жылы 169 квотаның 65-і сәтті аяқталған.

СНХ: ВИКТОР ПРОЦЕНКО, СҚО ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ РЕПРОДУКТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

СҚО перинаталдық орталығында бүгінде ЭКО бағдарламасына қажетті барлық медициналық жағдай жасалған. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған орталықта тәжірибелі репродуктологтар, акушер-гинекологтар, эндокринологтар мен генетик мамандар күнделікті қабылдау жүргізеді.