Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді. Тексеру кезінде әкім жұмыс кестесін, нысандардың дайындық деңгейін және алдағы уақыттағы жоспарларды бағамдады. Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен тілдесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді.
Өңір басшысының айтуынша, бөгеттер салу бойынша қолға алынған ауқымды жұмыстар су тасқыны қаупін біржола жойып, өңірді төтенше жағдайлардың қайталануынан сенімді түрде қорғауға бағытталған. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында бір мезетте үш бірдей қорғаныс нысанын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Тепличное ауылындағы бөгеттің құрылысына 2,8 млрд теңге, Прибрежное ауылында 3,5 млрд теңге, ал Бескөл ауылындағы бөгетке – 2,3 млрд теңге қарастырылған. Қызылжар ауданының әкімі нысандардағы жұмыстардың қазіргі кезеңі, аяқталу мерзімдері мен дайындық деңгейі жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
СНХ: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барлық жұмыстарды, оның ішінде жер қазу және басқа да дайындық жұмыстарын келесі жылдың наурыз айына дейін толық аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
Өңір басшысымен кездесуге ауылдардың белсенді тұрғындары жиналды. Олар облыс әкімімен бірге бөгеттер қайта салынып жатқан нысандарға барып, жұмыстардың қалай жүріп жатқанын өз көздерімен көрді. Сондай-ақ тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
Ермек Сұрағанов - Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының тұрғыны. Оның үйін 2024 жылы су басқан. Тұрғын салынып жатқан бөгет көңілінен шыққанын айтады.
СНХ: ЕРМЕК СҰРАҒАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жол инфрақұрылымы бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр. Қазір Вороний аралына апаратын жол қайта жөнделіп, сонымен қатар көпір салынуда. Барлық жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.
СНХ: ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Басқарма басшысының айтуынша, көпір 2026 жылдың көктеміне дейін пайдалануға берілетін болады. Жоба құны – 860 млн теңге.