Петропавлдағы облыстық әкімдікте «АМАNAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов қатысты. Басты тақырып жемқорлықтың алдын алу мәселесі болды.
Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Қазір облыста да қайтарылған активтер есебінен бірқатар нысандар салынып жатыр. Солардың бірі 2024 жылы құрылысы басталған «Жас Өркен» шағын ауданындағы балабақша. Жоба құны 2 млрд теңге. ҚР Парламеті мәжілісінің депутаты Ерлан Бияхметұлы нысанның құрылысын, ішкі дизайынын жеке тексерді.
СНХ: ЕРЛАН САЙЫРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДІГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың айтуынша биыл өңірлік комиссиялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы 44 отырыс өткізген. Ол жерде 105 мәселе қаралып, нәтижиесінде 350 тапсырма берілді. Бүгінде оның 94 пайызы орындалған.
СНХ: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Соңғы үш жылда ішкі аудит қызметі 41 аудиттік іс-шара жүргізді. Тексеру нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам қаржылық құқық бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда оның 224,3 млн теңгесі өтелді. Әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 141 лауазымды тұлға тартылды. Сонымен қатар мемлекеттік аудит объектілеріне 41 нұсқама жолданып, құқықбұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау үшін 32 ұсыным берілді.