Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін елдің барлық аумағында – қалада, ауылда, суда, тауда және әуеде қамтамасыз етеді. Осы бағытта биыл 27 тамызда №363 бұйрықпен өмірге қауіп төндіретін, қол жетуі қиын су, тау және үңгір нысандарының тізімі бекітілді.
Өмірге қауіп төндіретін нысандар тізбесіне 254 объекті кірді. Солардың ішінде туристер үшін ерекше тартымды 7 көркем таулы орын Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында орналасқан. Олардың қатарында - «Екі ағайынды» шоқысы, Ақан сері төбесі, «Буян» шатқалы, Қазантау, Имантау көліндегі Жылан аралы және «Бүркіт тауы» бар.
СНХ:ТӨЛЕГЕН НҰРСҰЛТАН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Соңғы үш жылда Имантау көлінің маңында төтеншеліктер бір рет құтқару операциясын жүргізді. Демалушы бағытынан адасып, төбеден түскен соң жол таба алмай қалған. Оның үстіне ұялы телефонының қуаты таусылып, туыстарына да, 112 қызметіне де хабарласа алмаған.
СНХ:ТӨЛЕГЕН НҰРСҰЛТАН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
Мамандардың айтуынша, таудағы кез келген саяхат жан-жақты дайындықты қажет етеді. Алдын ала жоспар, дұрыс жабдық және байланыс құралдары – қауіпсіздіктің басты кепілі. Ең маңыздысы – өз өміріңізді қауіпке тікпей, жауапкершілікпен әрекет ету.