2024-2025 жылдарда қазақстандық оқушылар 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, мыңнан аса медаль жеңді. Оның 193-і алтын, 349-күміс, 464-қола. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанған. Биылғы халықаралық рейтингте қазақстандық оқушылар физика, биология, лингвистика, химия және география, информатика мен математикадан дүниежүзі бойынша үздіктер қатарында. Оларды жігерлендіру үшін жуырда әлем бойынша ең беделді саналатын 7 олимпиада жүлдегерлерін Президент қабылдады. Одан бөлек үздіктер мен оларға жетекшілік еткен педагогтарға 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді.
СНХ:ҚАНЫБЕК ЖҰМАШЕВ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ