Президенттік жастар кадр резервінің келесі кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі жарияланды. Құзіреттілікті бағалау сатысына 309 жас маман жеткен еді. Солардың ішінен ең жоғары ұпай жинаған 200-і іріктеліп, сұхбат кезеңіне өтті. Жалпы бұл жоба Президенттің бастамасымен мемлекеттік аппараттағы басшылардың жаңа буынын әзірлеуге бағытталған. Қатысушылардың жоғары білімі, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және қазақ тілін білуі шарт.