Полицейлер Петропавл тұрғындарына «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында апатқа ұшыраған көліктерді көрсетті. 8 ай ішінде өңірде 362 жол көлік оқиғасы тіркелді.
Петропавл көшелерінен жол-көлік оқиғаларына ұшыраған автокөліктердің керуені өтті. Іс-шараны полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырды. Сондай-ақ, оған құтқарушылар, дәрігерлер және «Қазавтожол» ЖШС өкілдері - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қызметтер қатысты.
СНХ:ЖАСҰЛАН САДВАКАСОВ — СҚО ПД ППБ ВЗВОД КОМАНДИРІ
Полицейлердің мақсаты - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдың қателікті кешірмейтінін еске салу. Әр жол қозғалысы ережелерін бұзушылық адам өлімі мен ауыр жарақаттарға әкеліп соғады. Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына жауапкершілікпен қарау, заң мен тәртіпті құрметтеу ғана жолдағы адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алады.