Облыс әкімі Қызылжар ауданында қорғаныс бөгеттерінің құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта Тепличное мен Прибрежное ауылдарында биіктігі бір жарым метр бөгеттер тұрғызылуда.

Өңір басшысы Қызылжар ауданына барып, Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарындағы қорғаныс нысандарының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда аталған аумақтарда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

СНХ:АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ – «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ


Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, бұл іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқынының алдын алу үшін аса маңызды. Сонымен қатар, сапа мен мерзімге ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ облыс әкімі Универсальная көшесіндегі жол айрығы құрылысының барысын тексерді. Бұл нысан қаладағы көлік инфрақұрылымын жақсартып, жол қауіпсіздігін арттырады.

СНХ:СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ


Өңір басшысы құрылысты белгіленген мерзімде сапасына аса мән беріп аяқтауды тапсырды.