Еліміздегі ең ірі медиа құрылым «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамына кіретін «Balapan» телеарнасының құрылғанына биыл 15 жыл . Осы уақыт ішінде телеарна қазақтілді балалар контентінің көшбасшысына айналды. Арнаның төлмерекесіне орай «Жаса, Balapan!» атты 15 игі іс телемарафоны жалғасып жатыр.
Бүгінде 15 сағат Хабар тарататын Балапан арнасын тек Қазақстан емес, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттеріндегі бүлдіршіндер де тамашалап жүр. 17 адамнан тұратын шағын ғана ұжым - ана тілінде таза әрі көркем сөйлейтін жаңа буын қалыптастырып, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал етуде. 2010 жылдан отандық анимациялық фильмдердің басым бөлігі осы «Balapan» арнасына тиесілі.
СНХ:МАҚПАЛ ҮКЕНОВА, «БАЛАПАН» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Осы жылдар ішінде «Balapan» телеарнасының анимациялық жобалары ағылшын, испан және португал тілдерінде АҚШ, Латын Америкасы елдері және Ресей мемлекеттерінің интернет платформалары арқылы көрсетілсе, халықаралық компаниялардың танымал өнімдері «Balapan» арнасы арқылы қазақ тіліне дубляждалды. Телеарнаның ресми Youtube каналында 2,5 млн-ға жуық көрермені бар. Жалпы қаралым саны 1млрд-тан асып, Ютубтың алтын және күміс батырмаларын иеленді.
СНХ:ҚАРЛЫҒАШ ЖҰМАХАНҚЫЗЫ, «БАЛАПАН» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ
Биыл телеарнаның төл мерекесіне орай тұңғыш рет тек қана балалардың қатысуымен «Жаса, Balapan!» телемарафоны өтіп жатыр. Бұл жобаның басты ерекшелігі – қоғамға пайдалы, тәрбиелік мәні зор бастаманы көтеріп, 15 игі іс жасау. Мәселен, ойын алаңқайларын тазалау, құстарға ұя салу, кітапханада балалар кітаптарының бұрышын дайындау, саябақта ұлттық ойындар сайысын өткізу сынды жақсылық жасауды үндейтін бейнероликтер дайындалған.