Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі облыстық филармонияның 61-ші концерттік маусымын ашты. Маусымның ашылуына орай “Шалқар шабыт” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оркестр биылғы маусымда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, ұлттық өнердің терең мәні мен сұлулығын көрерменге ұсынуды мақсат еткен.
Бүгінде оркестр республика көлемінде ғана емес, әлем сахналарында да қазақ өнерінің абыройын асқақтатып келеді. Өнер ұжымының 61-ші маусымының ашылу салтанатына арнайы меймандар шақырылды.
СНХ:ДӘУРЕН ҒЫЛЫМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Қызылжар өңірінің мәдени қазынасына айналған Сегіз сері атындағы оркестр ұлттық өнерді дәріптеуді табандылықпен жалғастырып келеді. Қайырлы Ғафуров жетекшілік ететін ұжым бабалар мұрасын жаңғыртып, тыңдарманға сырлы саз арқылы рухани азық ұсынуда.
СНХ:ТҰРАР ӘЛІПБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ, КҮЙШІ
Мерейлі кешке шақырылған мәдениет саласының майталмандары да өз өнерелерін ортаға салды. Соның бірі республикалық және халықарылық конкурстардың лауреаты Толғанбай Сембаев.
СНХ:ТОЛҒАНБАЙ СЕМБАЕВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Белгілі күйші және композитор Жанғали Жүзбай «Бозінген» және «Шалқыма» туындыларын орындады. Оның орындауындағы күйлер кеш көркін аша түсті.
СНХ:ЖАНҒАЛИ ЖҮЗБАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, КҮЙШІ
Кештің айрықша сәттерінің бірі - Гүлнәр Абдолланың «Шыңжаң шыңы» атты қытай халық әнін орындауы болды. Бұл туынды облыстық филармония сахнасында алғаш рет шырқалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, мәдениет саласының үздігі Кенжегүл Мұсаева филармония сахнасында алғаш рет қобызда «Фантазия» атты шығарманы орындады.