Солтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы 9 мың гектардан астам орман алқабы мемлекет қорғауына алынбағанын анықтады. Қазір анықталған учаскелерді мемлекеттік орман қоры құрамына енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ал өз міндеттерін тиісінше орындамаған 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес өзге санаттағы жерлердегі табиғи өскен екпелер мемлекеттік орман қоры құрамына енгізілу ге жатады. Прокурордың талабы бойынша жүргізілген түгендеу нәтижесінде Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют және Тимирязев аудандарында мемлекеттік орман қорынан тыс қорғаусыз қалған 9 мың гектардан астам орманды жерлер анықталды.
СНХ:ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында әр өңірге 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы тапсырма берді. Облыста бұл жұмыстарға 500-ге жуық адам жұмылдырылған.
СНХ:ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ