Өткен сенбі дүниежүзілік тазалық күні өтті. Еліміздің барлық өңірі бүкіләлемдік сенбілікке қатысты. Бұл күн «Таза Қазақстан» акциясымен де үндесіп, экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында өтті. Сондай ақ, Петропавлдағы Ойқала шағын ауданында жүздеген көшет отырғызылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов те қатысты.
Ойқала ықшам ауданындағы бұл жерлерде өткен жылы тұрғын үйлер болған еді. Бірақ тасқын судан қираған үйлер сүріліп, қазір демалыс орындары салынып жатыр. Уалихаов ауданының әкімдігі тұрғызған жаңа скверде гүлзарлар мен тұрғындарға арналған орындықтар бар. Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған іс-шара аясында тұрғындар жүздеген көшет отырғызып, аумақты тазалады.
СНХ:ТАЛҒАТ САҒИТОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов те қатысып, қарағай мен қайың көшетін отырғызды. Ол қала тұрғындарын табиғатты қорғау мен тазалық акцияларына белсенді атсалысуға шақырды.
СНХ:НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кетейік, қала бойынша 1500 түп көшет егу жоспарланған. Оның ішінде қарағай, шырша, қайың, терек бар. Бұл іске қала тұрғындары, кәсіпкерлер белсене қатысатын болады.