Бүгін Интернациональная көшесіндегі екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің 4 шаршы метр аумағында өрт шықты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалын дер кезінде оқшауланып толықтай сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаменті құтқару баспалдағы арқылы 3 адамды эвакуациялады, 15 тұрғын өздері шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің шығу себебі анықталуда.