Биыл 4,3 млн гектар алқапқа егін егілді. Бүгінде оның 1,13 млн гектары немесе 40%-ы жиналды. 2 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 16,5 центнерді құрап отыр. “Арқалық” ШҚ басшысы Нағашыбай Барлыбаеавтың ауыл шаруашылығы саласында жүргеніне 45 жыл уақыт болған.

Мамлют ауданындағы «Арқалық» ШҚ 2004 жылдан бастап қымыз өндіреді. Бүгінде 70-ден астам жылқы сауылады. Әрқайсысы 5 литрден көп сүт береді. Бұл табиғи және дәстүрлі өнім қымыздың бағасы нарықта қолжетімді , сондықтан да тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа ие. Сонымен қатар, «Арқалық» шаруа қожалығының басшысы Нағашыбай Барлыбаев тек қымыз өндірумен шектелмей, егін шаруашылығымен де белсенді айналысады.

СНХ:НАҒАШЫБАЙ БАРЛЫБАЕВ, “АРҚАЛЫҚ” ШҚ БАСШЫСЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ