Петропавлда полицейлер ер адамды және газ баллонды өртеніп жатқан үйден алып шықты.

16 қыркүйекке қараған түні Островский көшесіндегі тұрғын үйдің иесі қарсы беттегі үйден өрт шыққанын байқап, бірден құтқару шалған. Өрт жайлы хабар сағат 01:42-де қалалық полиция басқармасының екінші бөлімінің кезекші бөліміне түсті. Сол түні кезекшілікте болған учаскелік инспектор Жалғас Масанов пен патрульдік полиция батальонының қызметкері Жақсылық Көжелдәков ең жақын жерде – полиция пунктінде болып, шақыру бойынша әкімшілік материал жинаумен айналысып жатқан. Уақытты жоғалтпау үшін олар оқиға орнына жаяу жетті.


Үйдің бұрышы жанып, от өршіп бара жатты. Есіктің іші құлыптаулы еді. Оянып шыққан көршінің көмегімен полицейлер үйге кірді.

СНХР:Жалғас Масанов — Петропавл қ. полиция басқармасының екінші бөлімінің учаскелік инспекторы


Жедел әрі үйлесімді әрекет еткен тәртіп сақшылары 35 жастағы тұрғынды оятып, ең қажетті заттарын алуға көмектесіп, сыртқа шығарды. Сонымен бірге газ баллонды да алып шықты.

СНХР:Жақсылық Көжелдәков — Петропавл қ. полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы


СНХР:Талех Гурбанов — Петропавл қаласының тұрғыны


Өрт сөндірушілер жедел түрде жалынды ауыздықтап, өртті толық сөндірді. Полицейлер қызметіне қайта кірісті.