«Қазақстан халқына»қоғамдық қоры ұйымдастырған баспасөз туры аясында жиналғандар Петропавл қаласындағы «Қамқорлық» ерте араласу және көпсалалы облыстық аурухананың онкологиялық орталығына барды. Айта кетейік, қор өңірдің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін 7 млрд теңгеден астам қаражат көлемінде инвестиция құйды.
«Қамқорлық» ерте араласу орталығы 2024 жылдың ақпан айында ашылды. Күніне 15 балаға дейін қабылдай алады. Былтыр мұнда 185 бүлдіршін арнайы оңалту бағдарламасынан өткен болса, биыл көрсеткішті арттыру көзделіп отыр. Яғни, 300 баланы ем-доммен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері орталықтың көмегін 180-нен астам солтүстікқазақстандық бала алып үлгерді.
СНХ:НАТАЛЬЯ ПОМАЗАНОВА, «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Балалар 10-ға жуық кабинетте ем қабылдайы. Мекемеде барлығы 8 білікті маман жұмыс істейді. Дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оңалту үлгісін енгізу және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау үшін кураторлық бақылау да қамтамасыз етілген. Жалпы, бұл орталықты «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 64 млн теңгеден астам қаржыға жабдықтаған.
СНХ:НАТАЛЬЯ ШАРАПОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Ал, баспасөз турындағы келесі орын қордың «QH Онкологиялық қызметті жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы дамыту» жобасыаясындағы нысан болды. «Қазақстан халқына» қоры онкодиспансерге жаңа заманауи медициналық аппарат орнатып, онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға да көмек көрсетті. Бұл аппарат ісіктің көлемі мен орналасуына қарамастан, өте дәл әрі мұқият ем жүргізуге мүмкіндік береді. Оның ерекшелігі, құрылғы сәулені тек қатерлік ісік орналасқан жерге ғана түсіреді. Ал, басқа ағзалараға зиян келтірмейді. Құрылғы 2,7млрд теңгеге сатып алынған.
СНХ:ХАБДРАХМАН БЕРКІМБАЕВ, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Сонымен қатар, онкодиспансерде қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеуде жаңа технология - таргеттік дәрілер қолданылып жатыр. Бұл дәрілер қатерлі ісік жасушаларын дәл тауып, тек соған әсер етеді. Сондықтан жанама әсерлері аз болады. Қазір осындай емді 84 адам қабылдап жатыр. Бұл дәрілерге жалпы 1,2 млрд теңге қаражат жұмсалған.
СНХ:АЙМАН БОЛАТОВА, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИМИОТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 7,3 миллиард теңгені құрайтын 10 жобаны жүзеге асырып жатыр.