Бокстан Әлем кубогында топ жарып, Қазақстанға жеңіс сыйлаған Наталья Богданованы аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде құттықтады. Облыс әкімі чемпионға спорттағы жетістігі мен еңбегі үшін 5 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Толығырақ әріптесім айтып береді.
Петропавлда аймаққа абырой әкелген боксшыны салтанатты түрде құттықтады. Елордада өткен Әлем кубогының финалында Наталья Богданова Австралиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Облыс әкімі спортшыға алғысын білдіріп, жеңісімен жеке құттықтады.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Биылғы Әлем кубогы елордада өтіп, дүние жүзінің мықты былғары қолғап шеберлерін жинады. Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бес алтын медаль жеңіп алды. Сол алтындардың бірі Натальяның еншісінде. Бұл жарыс оған да ерекше маңызды болды - спортшы алғаш рет жаңа салмақта сынға түсті.
СНХ: Дастан Қабденов, бапкер
Чемпионның өзі де жарыстың оңай болмағанын айтады. Әр жекпе-жек үлкен күш пен дайындықты талап етті. Қарсыластары мықты, тәжірибелі болғанымен, нақты жоспар мен бапкердің қолдауының арқасында Наталья өз шеберлігін көрсете алды.
СНХ: Наталья Богданова, бокстан Әлем кубогының жеңімпазы
Жеңісі мен еңбегі үшін облыс әкімі Натальяға 5 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Қазір чемпион қайтадан жаттығуға кірісіп кетті. Алда - жаңа белестер, жаңа жеңістер күтеді.