Петропавлда полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарына көмек көрсетті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалдан көрейік.
Таңғы уақытта Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас азаматты медициналық куәландыруға апарып бара жатқан. Назарбаев пен Шажимбаев көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатып, 10 қабатты үйдің жоғарғы қабатынан шығып жатқан қою түтінді байқайқап қалып бірден сол жаққа беттейді.
СНХР: Алмас Жаманбаев — Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы
Адамдар тек дымқыл шүберек арқылы тыныстай алды. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін полиция қызметкерлері қауіп төніп тұрған тұрғындарды далаға шығарды.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жылдам ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғадан соң аға лейтенант Алмас Жаманбаев пен аға сержанттар Мағауия Жақсыбаев пен Мұратбек Зейнолла өз қызметтерін әрі қарай жалғастырды.