Облыс орталығында 50 жастан асқан шахматшылар арасында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Жарыста еліміздің 6 облысынан келген 6 команда өзара бақ сынайды.

Турнирдің ашылу салтанаты Мемлекеттік әнұранмен басталды. Чемпионаттың басты мақсаты — елімізде шахмат спортын насихаттау, ардагерлер арасында саламатты өмір салтын дәріптеу және СҚО-да шахмат ойынын дамыту.

СНХР: АЛЕКСАНДР НОВИЧКОВ, ТӨРЕШІ


Жарыста еліміздің 6 облысынан келген 6 команда бақ сынауда. Жалпы саны — 24 ойыншы. Турнирге Алматы қаласының атынан қатысып жатқан Бекет Жароков 80 жаста. Жасы егде тартса да ол шахмат тақтасында әлі де мықты қарсылас ретінде танылып отыр.

СНХР: БЕКЕТ ЖАРОКОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ


Турнир 23 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаз командалар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды.