Петропавлда мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жалғасуда. Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету колледжінде Junior Skills – «Жас шаштараз-стилист» байқауы өтті. Бұл іс-шара сұлулық индустриясымен өмірін байланыстырғысы келетін жоғары сынып оқушыларын біріктірді. Қатысушылар креативті ойларын және болашақ мамандықтарына негіз бола алатын кәсіби дағдыларын көрсетті.
Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету колледжінде Junior Skills – «Жас шаштараз-стилист» байқауы өтті. Бұл шара Еңбек мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылып, қала мектептерінен келген талантты оқушыларды жинады. Байқау екі номинация бойынша өтті: фантазиялық шаш үлгісі және кешкі макияж. Қатысушылар тәжірибелі ұстаздар мен тәлімгерлердің жетекшілігімен тек практикалық тапсырмаларды орындап қана қоймай, сонымен қатар кәсіби мамандардан кеңес алды. Байқау жыл сайын өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл студенттердің өсуіне ықпал етеді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ЫСҚАҚОВА, ЕСКЕНДІР ДӘУІТОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл байқауға 22 оқушы қатысуда. Солардың бірі – 10-сынып оқушысы Арина Бентя. Ол «Фантазиялық шаш үлгісі» номинациясына бірнеше рет қатысып, бұл мамандықты болашақ кәсібі ретінде таңдаған.
СНХ: АРИНА БЕНТЯ, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ
Қазіргі таңда колледжде «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша 100-ден астам студент білім алуда. Биыл 50-ге жуық түлек диплом алады. Жалпы алғанда, Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету колледжінде түрлі бағыттар бойынша 300-ден астам студент оқиды.