Қазақстан Түрікменстанның Галканыш кен орнын игеру жұмыстарына қатысады. Түркістан қаласында өткен бейресми кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов осы мәселеге мән берді. Тараптар автомобиль және темір жол арқылы тасымалданатын жүктің көлемін арттыру, ІТ саласындағы ынтымақтастық мәселесін де қозғады. Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
СНХ: ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВ ТҮРІКМЕНСТАН ХАЛК МАСЛАХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ