Облыстық полиция департаменті басшылығының бастамасымен ауылдық учаскелік полиция инспекторлары үшін бір апталық біліктілікті арттыру курстары өткізілді. курстарға әрбір 13 аудандық полиция бөлімінен бір қызметкерден қатысты.

Курсқа қатысушылар үшін күннің бірінші жартысында теориялық сабақтар өтті. Бейінді қызметтердің тәжірибелі қызметкерлері киберқауіптің жаңа тәсілдері, есірткінің таралуы, буллинг сияқты қазіргі заманғы сын-қатерлер туралы айтып, заңнамадағы өзгерістер мен нормативтік құжаттардың қолданылуын түсіндірді.

Кейін облыс орталығының көшелеріне шығып, қалалық әріптестермен бірлесіп жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты, мектептерге барды, халықпен кездесті. Сағат 18.00-ден бастап – есепте тұрған адамдардың мекенжайларына барды. Ауылды жермен салыстырғанда қаладағы жұмыс қарқынды әрі жылдам жүргізілуі қажет. әкімшілік учаскені тәртіп сақшысы 10 минут ішінде жаяу жүріп өтсе, ауылды жерде бұған әлдеқайда көп уақыт кетеді. Өйткені елді мекендер бір-бірінен алшақ орналасқан. Көбінесе ауылдық округте қанша адам тұрса, солардың барлығы қаладағы әкімшілік учаскеде тұрады. Қаладағы учаскелік инспектор тынымсыз жұмыс істейді, сондықтан бұл – ауылдық жерлердегі полицейлер үшін жақсы тәжірибе болып табылады.

СНХР: Қайырбек Баймөңкенов – Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары


Курстан өткен барлық қызметкерлер сертификаттар алды. Бүгінгі таңда СҚО аудандарында екі жүзге жуық учаскелік инспектор қызмет атқарады. Осындай жиындарға олардың әрқайсысын тарту жоспарланып отыр. Мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асыру кәсіби дағдыларды нығайту.