Қазақстан - Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы, цифрландыру, тікелей инвестициялар, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, қарулы күштер, төлқұжат күші ,бақыт индексі және сыбайлас жемқорлықты қабылдау БОЙЫНША халықаралық рейтингтерде көшбасшы.
Қазақстан еңбекақы рейтингі бойынша Өзбекстан ,Тәжікстан және Қырғызстан сияқты елдер арасында бірінші орында. «World Happiness Report 2025» – 2025 жылғы Бақыт туралы Дүниежүзілік есепке сәйкес, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерінен озып, 43-орынға табан тіреді. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және сыбайлас жемқорлықты қабылдау рейтингін жақсартқан жалғыз ел болып отыр.