Тәуелсіздік сарайында Сенат жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Парламент пен мәслихат депутаттары, Үкімет мүшелері қатысты. Жиында Мәслихат депутаттарының II республикалық форумы мен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент айқындаған міндеттерді іске асыру барысы талқыланды. Сенаторлар мен мәслихат депутаттары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру, жергілікті органдар қызметінің өзекті мәселелерін шешу, өңірлердің одан әрі дамыту төңірегіндегі маңызды мәселелер де назарсыз қалмады.
30 жыл ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың еліміздің дамуына қосқан үлесі зор. Жиынды ашқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 30 жыл ішінде мәслихаттар еліміздегі басқару жүйесінің жергілікті жерлердегі толыққанды субъектісіне айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалардың арқасында кейінгі жылдарда мәслихаттардың рөлі айтарлықтай нығайды. Бұл өзгерістер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» атты мемлекеттік құрылыстың жаңа формуласына толығымен сәйкес.
СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сондай-ақ жиында IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы айқындап берген реформалар мен міндеттер төңірегінде де әңгіме өрбіді. Олар қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру, әлеуметтік қоғам құру, бюджет қаражатының тиімді игерілуін қадағалау, мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Осы басымдықтарды жүзеге асыруда атқарушы органдар жұдырықтай жұмыла еңбек ету керекгін тілге тиек етті, дейді Палата Спикері.
СНХ: ВЛАДИМИР БУБЕНКО - СҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Атап өтілгендей, Өңірлерді дамыту және мемлекеттік өңірлік саясатты тиімді іске асыру Сенат жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары Парламент мәслихаттардың белсенді қатысуымен өңірлік проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Секциялар жұмысы барысында өңірлердің экономикасын, агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды және қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ жергілікті жерлерде әлеуметтік саясат пен инклюзивті қоғамды дамыту туралы сөз болды.