Президент Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінде сирек металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Бүгінде Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Жалпы, екі тараптың сауда айналымы қарқынды дамып келеді. Президент энергетика, ІТ, Жасанды интелект, логистика салалардағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенімізді жеткізді. Жалпы қазір жаһан елдерінің Орталық Азияға қызығушылығы артып, әлемдік аренадағы беделі өсіп келеді. Сондықтан 5 ел бұл мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануымыз керек дейді сарапшылар.
СНХ: ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ САЯСАТТАНУШЫ