Петропавлдағы бірінші қалалық емханаға жыл басынан бері 414 жүкті әйел, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған қыз бала бақылауға алынды. Оның 99,5%-ы 12 аптасына дейін акушер-гинекологқа көрінген. Ал 53 әйел жоғары тәуекел санатына жатқызылған. Өкінішке қарай, олардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Бұл жүктілікті ерте және саналы түрде жоспарлаудың маңызды екенінің дәлелі.


Дені сау бала дүниеге келу үшін жүктілікті жоспарлау маңызды. Бұл сөзді акушер-гинеколог дәрігерлер жиі қайталайды. Жоспарлау 6 ай бұрын басталуы керек. Осы уақыттың ішінде ана денсаулығын жақсарту үшін ағзадағы түрлі дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін толтырады. Бұл ер адамдарға да қатысты.


ГАУХАР ИГІЛІКОВА, ПЕТРОПАВЛДАҒЫ №1-ШІ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ АКУШЕР–ГИНЕКОЛОГЫ:

- Бізде барлық арнайы мамандар бар және біз тәуекел топтарын анықтап, олармен жұмыс істейміз. Дәрігерлер таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін осында болады. Созылмалы аурулар үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған. Бедеулікпен де белсенді жұмыс істеймі. Биылғы жылы тегін квоталардың жоғары пайызы бар.Ол бойынша 50 әйел өтініш беріп, 30-дан астамы жақсы нәтиже берді. Сондай-ақ босанған әйелдерді қараусыз қалдырмаймыз. Олар кезексіз, алдын ала жазылусыз келе алады, акушер, бөлім меңгеруші және бас дәрігердің орынбасарымен тікелей байланыса алатын сайт чаты бар.