Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні аталып өтеді. 2013 жылы тізімге қосылған мереке аясында жергілікті университтте арнайы іс-шара өтті. Облыстық жастар денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен өткен жиын 200-ге жуық студенттің басын қосты.
Жастар денсаулық орталығы қиын жағдайға тап болған қыз-жігіттерге көмектесіп, қолдау білдіруді мақсат еткен. Жаңа оқу жылына орай орталық мамандары биыл түскен 1-ші курс студенттерімен кездесті.
КАМИЛА ЖАМҰҚАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНЫ:
- Іс-шарада отбасы дегеніміз не, оны қалай сақтаймыз, ұрпақ жаңғырту үдересі мен денсаулығымызды қалай сақтау керекпіз деген сияқты сұрақтар талқыланады. Жастар денсаулығы орталығы- жаңа ұйым. Серіткестік орнатып, осындай жиын өткізіп отырғанымызға қуаныштымыз.
Орталық бірнеше бағытта көмек көрсетеді: медициналық, психологиялық және заңгерлік тұрғыда. Бүгінгі жиынға гинеколог маман арнайы шақыртылды.
АЙЫМГҮЛ ҚАНАШЕВА, ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Біз бүгін жастар денсаулық орталығының мамандары студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, денсаулық саласы бойынша әңгіме айтпақшымыз. Сонымен қатар, олардың біздің ұйымның бар және онда психолог, уролог, гинеколог,терапевт және педиатр мамандарының жұмыс істейтінін білсе екен дейміз. Орталық жастар үшін ашылған. Сондықтан, қыз-жігіттер бізге кез келген уақытта жүгіне алады.
Жиынның бірінші бөлігі лекция форматында өтсе, екінші бөлігі сұрақ-жауап ретінде ұйымдастырылды. Жалпы, орталыққа 18 бен 35 жас аралығындағы жастар кез келген мәселе бойынша жүгіне алады.