М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласында жаңа сауда үйі ашылды. Ғимарат құрылысына 500 млн теңге қаражат жұмсалған. Сауда үйінде азық-түлік пен киім-кешек сатылады. Мұны ашқан жергілікті жеке кәсіпкер Дәурен Қайшыбаев.


Булаев қаласындағы жаңа сауда үйінің ашылу салтанатына М.Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Смағұлов қатысты. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен кәсіпкер Дәурен Қайшыбаев марапатталды.


РАХАТ СМАҒҰЛОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Осындай керемет күні біздің қаламызда жаңа сауда үйі ашылып жатыр. Ғимараттты салу үшін еңбек еткен әрбір адамға алғысымды айтамын. Дәурен Бауыржанұлы жас кәсіпкер ретінде ауданға көп көмегін тигізді. Бірнеше жыл бұрында осындай шағын бизнестен бастап бүгінде үлкен сауда үйін ашып жатыр.


Сауда үйін ашу үшін кәсіпкер несие алып, өз қаражатының бір бөлігін салған. Бұл жоба ауданға 500 млн теңгеге жуық инвестиция әкеледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар жұмыс орнымен қамтылды. Қазірдің өзінде 25 адам «Оптовик маркетте» жұмыс істеп жатыр.


ДӘУРЕН ҚАЙШЫБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Бұл жобаны мен 2 жыл бұрын бастадым. Отбасым, достарымның арқасында және әкімнің көмегімен біз бұл үлкен сауда үйін аштық. Қазір 25 адам жұмыс істейді. Ғимаратты салу үшін 500 млн теңге қаражат, ал керек құрал-жабдықтарды алу үшін 120 млн теңге жұмсалды.


Сауда үйі 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында азық-түлік маркеті орналасқан, мұнда тұрғындар жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін - көкөніс, сүт және ет сатып ала алады. Ал екінші қабатында киім-кешек дүкендері орналасқан.


Сауда үйі әзірге толық қуатында іске кіріскен жоқ, кәсіпкердің айтуынша, қосымша жұмысшылар алу жоспарда бар.