Облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрмеге Григорий Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі көрнекті тұлғалардың сирек кездесетін құжаттары, жеке заттары - 100-ге жуық жәдігер қойылды.


Көрмеге қойылған экспонаттардың қатарында Мұса Шормановтың шам ұстағышы, Шәкен Аймановтың сахналық костюмдері, Майра Шамсутдинованың «Тальянка» сырнайы бар. Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде бұл көрме бір ай бойы тұрмақ.


ЕРЛАН РАХИМОВ, М.ШАМСУТДИНОВА АТЫНДАҒЫ ӘН-ӨНЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Екі елдің арасындағы тарихи тұлғаларымыздың арасындағы мәдени байланыс сонау ертеден басталған. Сол мәдени байланысымызды біз жалғастырайық деп екі елдің бір-бірімен осы тұлғаларды таныстырайық, көрсетейік деп біздің елімізден шыққан әйгілі адамдармен таныссын, білсін көрсін деген ниетпен көрмені осында әкеліп отырмыз. Біздің елімізден шыққан Қазақ елінен шыққан сол уаықтта жалғыз әйел адам өнер адамы ол Майра Шамсутдинова. Көптеген әндері біздің елімізге белгілі, бүкіл қазақ даласына белгілі композитор. Міне осындай осындай құнды дүниелеріміз сіздердің елдеріңізбен байланыстыратын дүниелеріміз көп соларды әкеліп отырмыз».


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер арқылы жастар көрнекті тұлғалардың өмірі, шығармашылығымен таныса алады. Мәселен келушілер назарына Естай Беркімбайұлының саптама домбырасы да қойылған.


ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Танысып өттім. Әкелген заттардың барлығы өте ерекше. Себебі мысалға айтайық Естайдың домбырасы бар. Қарап отырсаңыздар бұл жерде өте кездеспейтін домбыраның түрі бар. Қазақта бұрындары оны саптама домбыра дейтін. Оны қалай түсінесіздер. Саптама домбыра деген бүктелед жиналады. Ол қоржынға салынып сосын жүруге ыңғайлы. Міне осындай көптен бері көзге түспей жүрген домбыраны бүгін Павлодардан әкелген.


Алдағы уақытта көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау үшін Қостанай облысының, Тараз, Қызылорда қалаларының музейлері Петропавл қаласында осындай көрмелер ұйымдастырмақ.