Петропавлға су тасқынына байланысты полиция мен жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлері адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәулік бойынша қызмет атқарып жатыр.


Заречный кентіндегі № 13 орта мектепте штаб құрылды. Петропавл қ. полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев күн сайын осы жерде адамдарды эвакуациялап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ауысыммен кезекшілікке түсетін қызметкерлерді учаскелерге таратады. Тұрғындарға көмек көрсетуге қалалық, облыстық полицияның қызметкерлері, құтқарушылар, өрт сөндрушілер, әскери қызметшілер, әкімдік, медицина қызметкерлері, ұстаздар, волонтерлар жұмылдырылған. Қазіргі уақытта Заречный кентіндегі жағдай тыныш, барлығы жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.