Өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, ертең қатты бұрқасын тұрып, көктайғақ болмақ. Желдің екпіні 28 метр секундына дейін жетпек.


4 қараша ауа температурасы 15-17 градус аяз болса, ертең термометр бағаны күндіз +3 градусты көрсетпек. Сәрсенбіден бастап өңірге аяз келмек. Жалпы онкүндіктің екінші жартысында күндіз минус 27-32 градус шамасында болады дейді мамандар. Ал онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 5-10 градусты көрсетпек. Тек аяз ғана емес жауын шашынның айлық мөлшері де кей жерлерде нормадан көп күтілуде. Қар, бұрқасын екінші және үшінші онкүндікте жиі болмақ.


 ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- «Онкүндіктің екінші жартысында 6 желтоқсаннан 7 желтоқсанға дейін ауа температурасы түнде 28-33 градуз аязға дейін, күндіз 23-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Ал түнде 30-35 градус. Облыстың солтүстігінде 39 градус аяз, күндіз 27-32 градус аязға дейін төмендеуі болжанады».