Облыстағы Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалы «Мектептегі инклюзивті білім беру» тақырыбында халықаралық семинар өткізді. Семинарға инклюзивті білім беруден Эстония мектебінің Директоры Алина Бразиулен қашықтан қатысып өз тәжірибесімен бөлісті.


Смағұл Сәдуақасов атындағы № 2 орта мектеп базасында өткен семинарға 50 ге жуық білім саласының маманы қатысты. Дефектолог мамандар, СҚО М.Қозыбаев атындағы университеттің студенттері және аудан мектептерінің ұстаздары. Семинарда әдістемелік көмек,өзін-өзі дамыту, білім беруде заман талабына сай түрлі әдістер қолану сынды түрлі мәселелер талқыланды.


 РИЗАГҮЛ ӘУБӘКІРОВА, КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- Бұл облыстық семинардың басты мақсаты- ауыл мектептері ұстаздары мен қала мектептері ұстаздарының білімдерін ұштастыру. Яғни тәжірибе алмасу. Білім алаңын ұйымдастырып отырған Өрлеу институнына алғысымды білдіремін.